Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайдың ең бай адамы Головкинге қолдау білдіру үшін арнайы Америкаға барды

Қытайдың ең бай адамы Головкин үшін арнайы Америкаға ұшып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Қытайдың ең дәулетті азаматы Джек Ма Геннадий Головкин мен Стив Роллстың жекпе-жегін көру үшін арнайы Америкаға ұшып келді. Қытайлық миллиардер қазақстандық боксшының жанкүйері. 

2017 жылы да Alibaba Group корпорациясының негізін салушы Лас-Вегасқа Геннадий Головкинге қолдау білдіру үшін арнайы ұшып барған болатын. 

Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин Стив Роллсты нокаутпен жеңді. Қазақстандық қарсыласын төртінші раундта нокаутқа жіберді. 

Талқылау