Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда тасқын судан қаза тапқандардың саны артты

Қытайдың Хэнань провинциясында тасқын суды тудырған толассыз жауған жаңбырдың салдарынан қаза тапқандар саны 33-ке жетті, тағы сегіз адам хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы жергілікті Төтенше жағдайлар департаментінің таратқан хабарламасында айтылған деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін 25 адамның қаза тауып, жетеуі хабар-ошарсыз кеткені туралы жазылған болатын. 

Департаменттің соңғы мәліметтеріне сәйкес, 16 шілдеден бастап болған табиғи апаттан бүкіл провинция бойынша 33 адам қайтыс болып, ал сегіз адам із-түссіз жоғалып кеткен.

Үш провинция бойынша 103 аудандағы апат аймағында үш миллионнан астам адам тұрғаны, қауіпті аймақтардан 375 000 адам шұғыл эвакуацияланып, тағы 256 000 адам қауіпсіз аймаққа қоныстандырылған деп хабарланды. Табиғи апаттан зардап шеккен ауылшаруашылық жерлерінің аумағы 215 000 га құрап, оның тікелей экономикалық шығыны 1,22 млрд юаньға бағаланып отыр. 

Қытайдың орталық бөлігіндегі Хэнань провинциясында қатты нөсер жауын 17 шілдеде басталды. Ең көп зардап шеккен Чжэнчжоу қаласы болды. Қаладағы кейбір метеостанциялар су қоймаларының толып кетуіне әкеліп соққан орташа тәуліктік жауын-шашынның тарихи жазбаларын тіркеді.

20 шілдеде кешкісін Ченчжоу метросының бесінші желісіндегі туннельге су толып, пойыздар қозғалысына тоқтау қойылған, ал ішіндегі жолаушылар вагонда қамалып қалған еді.

Талқылау