Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Bloomberg: Қытай Қазақстандағы мегажобаны қаржысыз қалдырды

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында қытайлық «Бір белдеу – бір жол» бастамасының аясында салынып жатқан жер үсті метросы жобасының іске асырылуы қаржы жетіспеушілігінің салдарынан тығырыққа тірелді.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.  

Агенттік мәліметінше, қытайлық Даму банкі 2018 жылы қарызға қаржы беруді уақытша тоқтатқан. Оған қаржы сақталған кредиттік ұйымның лицензиясынан айырылуы себеп болыпты. Елорда әкімдігіндегілер қытайлық тарап бөлген 313 миллион доллардың 258 миллионы жұмсалмағанын айтты. Қытайдың Даму банкі бұл қаржыны «Астана LRT» компаниясына бөлген. 

Компания бөлінген қаржыны «Астана банкінің» шотына салған. Алайда ол 2018 жылдың қыркүйек айында банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылды. Осыған байланысты,  қарызды немесе өтемақыны төлеу міндеті «Проблемалық несиелер қорына» ауысқан. Мұнан кейін қазан айында қытайлық тарап қаржыландыруды тоқтатты. 

Қазақстандық шенеуніктер ендігі олар құрылысты аяқтау үшін, мемлекет ішінде несие алуға  мәжбүр екенін айтуда. Сонымен қатар қазақстандық тарап Қытайдың Даму банкінен алған қарызын өтейтінін мәлімдеген.

Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры Руслан Мейірхановтың сөзінше, республика қытайлық несиені қайта құрылымдаумен айналысуда, ол мемлекеттік кепілдендірумен сақтандырылған. Ведомство өкілі темір жолдар жобасының құрылысының аяқталуына қаржы министрлігі емес, Нұр-Сұлтан әкімдігі жауап беретінін атап өтті. 

Бұған дейін Қытайдың Даму банкі LRT құрылысы үшін 20 жылға 2,5 пайыз жылдық мөлшерлемемен 1,9 млрд доллар көлемінде несие берген еді. 

Еске сала кетсек, 16 сәуірде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов жер үсті метросының құрылысы тоқтағаны туралы мәлімдеген еді. Артынша бірінші вице-премьер – қаржы министрі Әлихан Смайылов құрылысты аяқтау үшін қазақстандық қаржы тартылатынын айтты.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр