Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытай әскери саясаты жайлы айтты

Қытай бейбіт даму жолымен жүретінін мәлімдеді. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин айтты. 

 Қытай әскери саясаты жайлы айтты

"Қытай өзінің әскери саясатының қорғаныстық сипатын қатты ұстанатын болады, қауіпсіздіктің жаңа тұжырымдамасын ұстануды жалғастырады", - деді ел басшысы шетелдік теңіз-әскери күштері делегациясымен кездесу барысында. 

Си халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесі теңдікке, өзара сенім мен әділеттілікке негізделуі керек екенін түсіндірді. Ол сондай-ақ қытайлықтардың  бейбіт даму жолында екенін атап өтті.

22 және 25 сәуір аралығында қытайлық теңіз флоты құрылуының 70 жылдығына орай Циндао қаласында бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Халықаралық шеру 23 сәуірде өтеді, онда 11 елден 20-ға жуық кеме қатысады.

 

Талқылау