Кітапханашы өз университетіне ерекше сый жасау үшін өмір бойы жинаған ақшасын қалдырып кеткен

Сенбі, 10 Қыркүйек , 2016 9:12

Роберт Морин қарапайым өмір сүрген. Көне “Плимутты” жүргізетін оның онша тамаққа әуестігі жоқ еді және үнемі кітап оқыған.

preview-17143715-650x341-98-1473422420

“Ол таңертеңгілік қуырылған картоп жеп, кола ішетін. Ал түскі асқа – сэндвич. Ал кешке үйіне барған кезде тамақ жасайтын құрылғылардан тек ғана қысқа толқынды пешті ғана пайдаланатын”, – дейді оның қаржы жөніндегі кеңесшісі.

Морин Нью-Гэмпшир университетіндегі кітапханада 50 жылға жуық жұмыс істеген. Тек 2014 жылы ғана зейнетке шығыпты. Ал бір жылдан кейін 77 жасында өмірден озып, өзіндегі барлық бар нәрсені университет еншісіне қалдырған. Оның көлемі шамамен 4 миллион доллардай.

Оны университетте бәрі танитын. Ол әрдайым даулы жерлерден қашып, мейірімді түрде үнемі студенттермен әңгіме-дүкен құратын еді. Өзі қалдыратын байлықты университеті дұрыс пайдаланатынына Морин жақсы сенген. “Бұл ақшаны қайда жарататындарын олар біледі”, – деп күлген еді ол.

Бұл ақшаның 100 000 долларын Морин жұмыс істеген кітапханаға жұмсаған. Олар кітапхана қызметкерлері мен студенттерінің ғылыми жобаларын қолдауға және мультимедиялық бөлме жасақтауға сол қаражаттан бөлген. Және аталмыш қаражаттың 1 млн долларына кітапханашы университетке футбол стадионын сыйлаған.

17143865-https---blueprint-api-productions3amazonawscom-uploads-card-image-198395-AP_16098500692151-1473421438-650-4f80e9dc8b-1473422420

Қалған ақшаға университет басшылығы түлектер үшін мансап орталығын салған. Директордың сөзінше, мыңдаған студентке осылайша көмегі тигеніне Роберт қуанушы еді дейді.

“Бобтың біз үшін жасағанын білген кезде біз сене алмадық. Ол бұл жерде өмірінің басым бөлігін өткізіп, бұл оқу орны мен студенттерге деген махаббаты ерекше болды. Ол осы орын үшін ерекше бір нәрсе жасағысы келгендіктен, өзінің барлық ақшасын қалдырып кетті”, – дейді университет спикері.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар