Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қысым көрсетуде": ШҚО-да колледж оқытушысы директордың жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтінін айтты

ШҚО-да «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы ауылға арнайы барған жас маман студенттерге сабақ оқытудың орнына соттасумен жүр. Бір қызығы, білім ордасы басшылығының айтуынша, ол қызметкер жұмыс істемесе де, 2016 жылдан бері жалақы алады екен. Ал жас ұстаз директордың міндетін атқарушыны кінәлап, жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отырғанын айтады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Ешқандай жұмыс істемейді. Келеді, кетеді. Бірақ ақша алады», - дейді колледж директорының міндетін атқарушы.

Бородулиха ауданындағы колледж директорының міндетін атқарушының сөзінше, бұл жайтқа бұрынғы директор кінәлі екен. Ол мамандығы сәйкес келмейтін жас маманды жұмысқа алған, дейді.

Ал жас маман директордың бұл сөзімен келіспейді. Ол қазіргі басшысының жұмыс істеуге мүмкіндік бермей отырғаны айтады. Осы кісі 2016 жылы келгеннен бері қысым көрсетіп, ақыры жұмыстан шығарып тынды, дейді.

«6 айдан соң сотқа жүгініп, сотта жеңіп, жұмысқа қайта тұрдым. Енді 3-4 айдан бері маған моральдық қысым көрсетуде», - дейді кәсіптік білім беру өндірісінің шебері Дамир Өмірханов. 

Колледж басшысы жас маманның сөзімен келіспей отыр. Ал сот мәселесіне келсек, сотта жеңілуіне жұмыста керісінше атқарған әрекеті себеп болған.

«Оны біліктілігі туралы тестілеуден өткізіп, одан өтпегені туралы қағаз алу керек еді. Одан кейін аттестация өткізіп, содан соң ғана шығару керек еді. Ал біздің әрекетіміз керісінше болды», - дейді колледж директорының міндетін атқарушы Марат Әбілов. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр