Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентайынан азап шеккен суретші қыз шығармаларын қоғамға таныстырды

Кеше Алматыда Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайының көрме залында суретші Динара Шәріпованың «Ана махаббаты» атты жеке көрмесі ашылды.

4

Бұл туралы STAN.KZ Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оған Динараның майда моншақпен кесте тігу әдісімен жасалған 16 жұмысы қойылды. Оларды әзірлеуге 3 жыл уақыты кеткен. Өйткені Динара балалар церебральды сал ауруына шалдыққан.

Сондықтан, ол қолының дәрменсіздігіне байланысты аяғымен көп нәрсе жасауға дағдыланған. Тіпті, аяғымен кесте де тіге алады.

Динара Шәріпова 1989 жылы 18-ші мамырда Алматы облысында туған. 2011 жылы Экономика және құқық колледжін тамамдап, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша Мәскеудің «Синергия» қаржы-өнеркәсіп университетіне оқуға түскен. Қазір ол соңғы курста оқып жүр және сонымен қатар, Алматыдағы банктердің бірінде жұмыс істейді.

????????????????????????????????????

Динара бес жасынан бастап сурет салуды, 14 жасынан бастап кесте тігуді үйренген. Көрген қиындықтары, шеккен азаптары оның осы өнерге деген талпынысына тосқауыл бола алмаған. Ол Мүгедек балалардың ата-аналарын Қауымдастығының мүшесі. Сондықтан, осы ұйым ұйымдастырған көрмелерге қатысып тұрады.

????????????????????????????????????

Динараның айтуынша, бір жұмысқа орта есеппен 1,5 ай уақыт жұмсайды екен. Жасайтыны – негізінен олар кішігірім форматтағы туындылар, Мұнда басты тақырып – аналық сезім, әйел бейнесі, құстар және гүлдер.

????????????????????????????????????

«Мен Динарамен алғаш рет танысқан соң-ақ, оның өз мақсаттарына қол жеткізу жолында табандылық таныта алатындығына көзім жетті. Ол арманына қарай баяу болса да жақындай түседі. Ол білім алуға құштар болды. Есепші болуды армандады. Міне, қазір банкте жұмыс істейді. Ол: «Мен суретшімін» деп жар салмайды. Оның шығармалары жан дүниесін, ішкі құштарлығын білдіреді. 2011 жылы осы мұражайда қауымдастықтың оңалту орталығының балаларының көрмесі өтті. Сонда Динараның кестелері толығымен сатылып кетті. Енді оның тағы бір арманы орындалса екен деймін. Ол отбасын құруды армандайды», – деді көрменің тәлімгері Наталья Баженова.

5

Сондай-ақ оның айтуынша, жеке көрмені өткізу «Бойжеткен және теңіз» атты фильмнің арқасында туындапты. Ол фильмде Динара басты рөлді сомдайды.

Фильмнің түсіру жұмыстары биыл басталған. Бірақ, қаржыландырудың жетіспеушілігіне байланысты уақытша тоқтап тұр. Фильмнің режисері Азиз Заиров пен Мұхамед Мамырбеков.

Айта кетелік, Динараның ата-анасы оған барлық жағынан қолдау көрсетіп келеді.

 

Талқылау