Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентай қызын айналып-толғанған Төреғали жұртты сүйсіндірді (видео)

Әнші Төреғали Төреәлі отбасын көпшіліктің алдына жиі шығара бермейтінін айтқанымен, соңғы уақыттарда желідегі парақшасында отбасының суреттерін жиі жариялай бастаған. Бүгін де қызымен серуендеп жүрген сәтінің суреті мен видеосын жариялады. Өз кезегінде желі қолданушылары оның қызын еркелеткенін көріп, сүйсініп қалды, деп жазады Stan.kz.

Кішкентай қызын айналып-толғанған Төреғали жұртты сүйсіндірді (видео)

Төрәлінің ұлы Instagram желісіндегі парақшасында кішкентай қызымен бірге жүрген суреттерін жариялады. Алайда ол нешінші перзенті екені туралы тіс жармады.

Әнші желіде жариялған видеосында қызымен бірге серуендеп жүргені байқалады. Артынша қызын еркелетіп, бетінен сүйеді.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары әкесі мен қызына тәнті болып, сүйсініп қалды.

«Әкесінен аумай қалған. Бақытты болсын», «Әке болған жарасып тұр. Балапаның өзіңнің көшірмең», «Тәп-тәтті екен. Өзіңізден айнымай қалған. Осылай отбасыңызды көрсетіп, мақтанып тұрсаңызшы», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау