Қатты жылады: Бала күнінде жоғалып кеткен ер адам 31 жылдан соң ата-анасымен қауышты (видео)

Қытайда кішкентай кезінде жоғалып кеткен ер адам 31 жылдан кейін отбасымен қауышты. Оны бала күнінде ұрлап кеткен екен.

Көз жасын тоқтата алмады: Кішкентай кезінде жоғалып кеткен ер адам 31 жылдан кейін ата-анасымен қауышты (видео)

1988 жылы белгісіз біреулер 3 жасар Чэнь Сюэпиньді ұрлап кеткен. Ол кезде ата-анасы Гуйчжоу провинциясында құрылыста жұмыс істеп жүрген екен. Ерлі-зайыпты баласын күін бойы іздеп таппапты. Мұнан кейін оны мемлекет көлемінде іздестіру үшін бүкіл ақшасын жұмсайды. Алайда баласын сол күйі таба алмаған. Олар мүмкіндігі пайда болған бойда полицияның жоғалған және ұрланған балалар туралы базасына ДНҚ үлгісін тапсырыпты, деп жазады South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

2018 жылдың соңында оларға баласының табылғанын және оның Хэбэй провинциясындағы отбасында өскенін хабарлапты. Оны өсіріп-баққан адамдар балаға Цинь Юйцзе деп ат қойған. Бала кішкентай кезінен бері қатарластарына ұқсамайтынын және кей сөздері басқаша айтатынын байқайды. Ол уақыт өте келе өзін туған ата-анасы өсіріп жатпағанын түсінген. Алайда туыстарын қалай табарын білмепті.

Оған ата-анасын табуға кездейсоқ жағдай көмектесті. Ол 2018 жылы жұмысқа тұру үшін ДНҚ тестін тапсырған. Сол кезде полиция оған хабарласып, ата-анасының есімін атайды. 2019 жылдың ақпан айында қайтадан ДНҚ сараптамасы жасалып, олардың туыс екенін растады.

Цинь тест нәтижесін білген бойда әйелі мен баласын ертіп, өзін дүниеге әкелген ата-анасы тұрып жатқан Сычуань провинциясына аттанған. Ол ата-анасымен қауышқаннан кейін көз жасына ерік беріп, жылдар бойы оларды табуға тырысқанын айтты. 31 жылдан кейін қауышқан отбасыны құттықтауға көрші ауылдардан жүздеген адам келді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр