Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентай баланы асып өлтірмек болға бала күтуші сотталған жоқ

Баланың асылып тұрғанын бала күтушінің өзге клиенті көріп қалған.

Американың Миннесота штатында бала күтушіні бостандықта қалдырды.

Украина тумасы Наталия Кария баланы өлтірмек болған кінәсін мойындады. Оны 10 айға шартты мерзімге соттады. Ол кәмілетке толған баласымен бірге тұра алады. Бірақ өзге үш баласымен 10 жылға дейін кездесе алмайды.

Медициналық тексеру кезінде әйелдің бұдан кейін қылмыс жасауы мүмкін емес екені айтылғандықтан сот оны соттаған жоқ.

2016 жылы Кариидің клиентінің бірі 3 жасар баласын қарауға әкеп тастайды. Осы кезде күтуші өзінің жаман нәрсе істегенін айтады.

Ер адам жылаған баланың даусын естіп, астыңғы қабатқа түседі. Ол жерде бала шұлыққа байланып асылып тұған. Оны дереу шешіп, емханаға жеткізіп үлгерді. Бала аман қалды. Ал бала күтуші көлігіне мініп, қашпақ болғанда велосипедшіні қағып, өзге көлікке барып соғылған. Кейін өзі көпірден секірмек болады. Бірақ оны ұстап, бөлімшеге алып кетті.

Тергеу кезінде әйел үйінде қысым көргенін айтты. 2006 жылы балаларымен күйеуіне көшіп келген. Содан бастап күйеуі оны мазақ етіп, ұрып-соққан. Жүкті кезінде ұл бала көтермегені үшін ішінен тепкен.

Сот үкімінен соң ол тағылған айыпты бұзбайтынын айтып, өз әрекетінен ешкімнің көз жұмбағаны үшін шүкірлік айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау