Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кішкентай баламен жұдырықтасқан Ермахан Ыбырайымов жеңіліп қалды (видео)

Танымал боксшы, бокстан әлем чемпионы, Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының «алтын» жүлдегері Ермахан Ыбырайымов кішкентай баламен жұдырықтасып, жеңіліп қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кішкентай баламен жұдырықтасқан Ермахан Ыбырайымов жеңіліп қалды (видео)

Боксшы ауыр дертке шалдыққан баланың көңілін аулау үшін онымен шаршы алаңға шыққан. Жекпе-жек барысында Ыбырайымов баладан «жеңіліп» қалды.

«Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов пен Ерасыл Батырдың арасында өткен жекпе-жекте айқын басымдықпен жеңіске жеткен – Ерасыл», – дейді Төреші видеода.

 

Бұл туралы жазған әнші Сәкен Майғазиев Олимпиада чемпионының адамгершілігіне тәнті болды.

«Данамен дана, баламен бала бола білетін Ермаxан мырзаға , Нұрлан қажы ұстазымызға («бас төреші») Алла разы болсын! Алла Тағала Ерасылға шипа берсін, сәбилер ауырмасын, аналар жыламасын», – деп жазды әнші.

Ал желі қолданушылары Ыбырайымовтың әрекетіне сүйсінді.

«Дананың даналығын көрмейсіздер ме, тізерлеп отырып кішкене балаға шабыт сыйлап жатыр»,  «»Ұлық болсаң – кішік бол дейді. Ермахан – адамгершілігі мол, жүрегі кең жігіт қой. Еңбегің жана берсін, алғысқа бөленіп жүруіңе әрқашан тілектеспіз», «Ермахандай қазақтың ақкөңіл жігіттерінен айналдым», – деген желі қолданушылары Ерасылдың дертінен сауығып кетуін тілеп жатыр.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау