Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Атын өзім қоямын": Айқын дүниеге келмеген баласының жынысын айтты

Айқын Төлепберген екінші баласының жынысын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Gakku арнасына сілтеп. 

Ақпан айының басында Айқын мен Жұлдыз Өмірғали екінші мәрте ата-ана атанатынын айтқан болатын. Екеуінің бірінші перзенті 1,5 жаста Санжар енді аға болып, қарындасын тәрбиелейтінге ұқсайды. 

«Қыз болады, Алла қаласы. Кішкентай, әдемі қыз туады», - дейді Айқын.

Қызының атын да өзі қоятын Айқын болашақ нәрестенің өте әдемі болатынын айтып берді.

«Жобаларымның бәрінің аттарын өзім қоямын. Өзімнің жобам ғой», - деп айтты Айқын болашақ қызы туралы.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр