Кіші ТТТ: Төреғали ұлының есімін өзіне ұқсатып қойды

Төреғали Төреәлінің ұлды болуы әншінің барша тыңдармандары үшін күтпеген жаңалық болды. Себебі былтырғы жылдың сәуір айында оның келіншегі үшінші қызын босанған еді. Арада бір жыл өтпестен Толқын сүйікті жарына төртінші перзентін сыйлап отыр, деп жазады Stan.kz.

Төреғали мен Толқын

Әрі жақында ғана Төреғали мен Толқынның Қайрат Нұртастың 30 жас туған күнінде бой көрсеткені белгілі. Аталған кештен ТТТ-ның өзі келіншегімен түскен суретін жариялаған болатын. Фотода Толқынның аяғы ауыр екені білінбейді.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қайратты туған Гүл ана, Қайратты қылған Нұр аға. "Тектіден текті туа ма Тектілік тұқым қуа ма" Тойыңа бардық гүл алып Қуанышыңа қуана! •••••••••••••••••••• Е айналайын Қайраға! Көңілі дарxан айдала. Бақ тілеп отыр басыңа Ақ тілек айтып айнала, Айбатым деп тұр Алашым Қайратым деп тұр қаймана. Алты қыр асып әндерің Атағың жетті айға да. Бір жерің маған ұқсайды Бірдейсің кедей байға да. Отызға толған оғланым Жақсы көрем ғой жәй ғана. Раxымды Алла біздерді Дос қылса екен Райда да. Жарқырап Жұлдыз ұл-қызың Аман жүр досым қайда да!!! #оооойБізЕкеумізНеКөрмедік #наранаНанаНайНана😂 #KN #30 🤝

Публикация от Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Сонымен Төреғали төртінші мәрте әке атанды. Әулетке көптен күткен ұл бала дүниеге келді. Журналист Анна Данченконың айтуынша, Төреғали ұлын ТөреНұр деп атаған. 

Айта кетейік, Толқын есімді қызды жар етіп, өзін ТТТ деп атап кеткен әнші барлық отбасы мүшелерінің есімін "Т" әрпінен атауды әдетке айналдырған. Ол бір сұхбатында "Барлығы "Т" әрпінен болсын деп екі қызымның есімдерін Томирис және Тоғжан деп қойдым" деген болатын. Алайда келіншегі үшінші мәрте қыз босанғанда әнші бұл дәстүрді бұзды. Анасының қалауымен, дүниеге келген кестетігерді Фатима деп атады.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр