Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кіші-Флойд Мейвезер мен Майк Тайсон Қазақстанға келетін болды

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин осы жылдың тамыз айында Астанада өтетін 55-ші WBS (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) конвенциясы туралы мәлімдеді.

7777

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

“Конвенцияны Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы және WBS басшылығы бірге атқарады. Өткізілетін уақыты шамамен 25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығы. Конвенция халықаралық ЭКСПО көрмесі аясында өтеді. Оған меценат, сарапшы, бокс жұлдыздары келеді. Құрметті қонақтардың қатарында кіші-Флойд Мейвезер мен Лейла Әли де бар”, – деді Бекхожин.

“Мен Кличконың: “Егер мен Украинаның президенті болсам, онда Киевте өткізетін ең алғашқы ірі іс-шарам – WBS конвенциясы” деген сөзін білемін. Бұл шараның ауқымы өте кең. Осыны өткізу үшін АҚШ пен Хорватия үлкен күрес жүргізді десе де болады. Айтпақшы, біздің елге мүмкіндік беріп қана қоймай, оны тамызға дейін жылжытуға рұқсат етті,” – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, айтулы шараға бокс аңызы Майк Тайсонның өзі де келмек.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық Месси: 17 жастағы қазақ футболшысына Испания мамандарының көзі түсті (видео)

Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді

Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)

Қанат Ислам ағылшынша қалай сөйлейді (видео)

Талқылау