Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кіруге себеп жеткіліксіз": Танымал актрисаны Қазақстан шекарасынан өткізбей қойған

Қазақстандық танымал актриса Бибігүл Ақтан елге кіре алмады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

3 тамызда түнде актриса Қазақстан-Қырғызстан шекарасында орналасқан Қарасу өткізу пункті арқылы елге кірмекші болған. Алайда шекарашылар оны өткізбей қойған. Бибігүл Ақтанның айтуынша, осымен екінші рет Қазақстанға кіргізбей қойған.

"Маған елге кіруге жеткілікті себеп жоқ деп айтты. Сонда бұл жерде менің барлық туыстарым, Алматыда туғаным және ұлтым қазақ болғаны жеткіліксіз бе? Сұмдық, не істерімді білмей дал болып тұрмын", – деп жазды актриса желідегі парақшасында.

Белгілі болғандай актриса Ресей азаматтығын алғанын түсіндірді. Оның айтуынша, егер кіруге себеп болса Қазақстанға кіре алады. Мысалы, жақын туыстарына бару немесе медициналық тексеруден өту қажет болса.

"Менің Алматыда туған ағам мен әпкем тұрады. Мен олардың туу туралы куәліктерін және өзіміздікін көрсетуді ойладым. Бірақ мен ағам мен әпкемнің жақын туыстар санатына жатпайтынын білмедім. Тек ата-анасы немесе әйелі/күйеуі және балалары ғана жатады екен. Сондықтан шекарашылар мені өткізбей, кіруге негіз жеткіліксіз екенін айтты. Мен оларды кінәламаймын, бұл олардың жұмысы. Өкінішке қарай, бұл менің осы сапарға дайындық барысында Қазақстанға кіру ережелерімен жақсы таныс болмағанымның және дұрыс емес құжаттарды дайындағанымның кінәсі", – деп атап өтті ол.

Қазір актирса Қырғызстанға қайта оралғанын хабарлады. Енді актриса қажетті құжаттарды рәсімдеуге немесе шетелде қалуға тырысады.

Талқылау