Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киркоров үлкен шоу-бизнестен кететінін мәлімдеді

Биыл сәуір айында 50 жасқа толатын танымал ресейлік әнші Филипп Киркоров көпшілік алдына сирек шығып, бос уақытын шығармашылыққа арнамақ.

9-639426

Бұл туралы Russian Showbiz хабарлайды.

“Ұлкен шоу-бизнестен аяғымды тартып, ірі жобаларға енді қатыспаймын”, – деді әнші. Әйтсе де ол шығармашылыққа еркіндікке қарай ауысатынын, бірақ түбегейлі өнерден бас тартпайтынын айтты.

2016 жылдың қараша айында Киркоров мен франциялық Space тобының әншісі Дидье Маруанидың арасында түсініспеушілік болған еді. Француз әншісі Киркоровты плагиат жасағаны үшін айыптап, сотқа берген. Маруанидың айтуынша, Филипп айтып жүрген “Жестокая любовь” әні Space тобының ән қоржынындағы шығарма екен.

Танымал әнші концерттерден бөлек те түрлі шығармашылық жобаларға атсалысатын. Сондай жобалардың бірінде ол қазақстандық КВН командасымен бірге өнер көрсеткен болатын.

Оқи отырыңыз:

Ер адам баласын аңдимын деп әйелінің бөтен еркекпен секспен айналысқанын байқап қалды (видео)

Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде намаз оқып тұрған азамат сәждеде көз жұмды (фото)

42 жастағы америкалық әйел кәмелетке толмаған оқушыларды зорлағаны үшін жауапқа тартылды

Қырғызстан президентінің қызы жалаңаш суретін жариялап елдің сынына ілікті

Талқылау