Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қырғызстанда Бішкек атауын Астананың үлгісіне сәйкес қайта өзгертуді ұсынды

Қырғызстанның президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы, мемлекеттік кеңесші Эмілбек Қаптағаев Бішкекке «Манас» деген атау беруді ұсынды.

Қырғызстанда Бішкек атауын Астананың үлгісіне сәйкес қайта өзгертуді ұсынды

Қаптағаевтың Қырғызстан астанасын қайта атау туралы өтініші жергілікті БАҚ-қа жетіп, сондай-ақ қоғамдық пікірталас тудырды.

«Кейінірек, белгілі бір уақыт өткеннен кейін азғырулар пайда болып, талас тумас үшін бізге астанамызды қазірден бастап Манас қаласы деп өзгерту керек шығар? Бұл және қазіргі Свердловск ауданын Бішкек ауданы деп өзгерту барлық жағынан әділ шешім болар еді. Себебі,  неге екені белгісіз Кузнечный деп аталып кеткен Пішпек бекінісі негізінде сонда орналасқан және  Пішпек қонысы да сол жерде болуы мүмкін. Ал қандай да бір Бішкек батырдың  болғаны және оның ерлігі туралы әңгіме әлі талас болып қала береді. Себебі, түсініксіз себептермен жыл сайын жаңа мәліметтермен толығып жатқан аңыздардан басқа, бұл батыр туралы тарихи тұрғыдан бірде-бір сенімді дереккөз жоқ», - деді Қаптағаев Facebook жазған ұсынысында.

Айта кету керек, қырғызстандық желі қолданушылары бұл ұсынысты теріс қабылдады және олар астананың бұрынғы атауы сақталуы керек деп санайды.

Естеріңізге салсақ, Бішкек атауы бірнеше рет өзгертілген болатын. Революцияға дейін ол Пішпек деп аталды. 1926 жылдың 12 мамырында Пішпек атауы кеңестің әскери қолбасшысы Михаил Фрунзенің құрметіне Фрунзе болып өзгертілді. Содан Фрунзе қаласы 1936 жылы Қырғыз кеңестік социалистік республикасының астанасы болды.

Ал Қырғыз ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен 1991 жылдың 5 ақпанынан бастап қала Бішкек деп атала бастады.
 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр