Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кипрлік шенеунік тым көп жалақы алатынын айтып шағымданды

Кипр тұрғындары елдің шенеуніктері өте аз жұмыс атқарғанына қарамастан, тым көп айлық алады деп шағым білдірген. Осыдан соң мемлекеттің энергетика, ауылшаруашылық және туризм миниистрлігінің қызметкері аса үлкен айлыққа байланысты ел президентіне хат жазған.

фчфчфччф

Сурет ThickStock

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Мариос Друшиотис есімді қызметкер соңғы жылдары ауыз толтырып айтарлық ештеңе істемегенін мойындапты. Ол жиі басшылық тапсырмаларын аяқсыз қалдырған. Бұдан бөлек, бір жыл ішінде ол арқылы бір де бір құжат өтпеген.

Осылай деп жазған шенеунік, жоғарғы жалақы алатындардың қатарында екен. Кипрде мұндай деңгейдегі қызметкерлер айына шамамен 5 мың евродай ақы алады. Ал елдегі айлық орташа жалақы мың жарым евро.

Друшиотис өзінің хатында осыншалықты аз жұмыс үшін, көп жалақы алуды әділетсіздік деп атап өткен. Ол дәл осындай жағдайда жұмысқа келмей-ақ, мемлекеттің электр энергиясы мен жылу жүйесін үнемдеуге болады дейді. Әзірге хатқа президенттік баспасөз қызметі пікір білдірмеді. Ал энергетика, ауылшаруашылық және туризм миниисті Друшиотистің лауазымы өте маңызды деп санайтынан айтқан.

Талқылау