Кипрде жолаушының тұтқынына түскен A320 EgyptAir ұшағы жерге қонды (видео)

Сейсенбі, 29 Наурыз , 2016 13:56

EgyptAir әуекомпаниясына тиесілі A320 жолаушылар ұшағы Александрия қаласынан Каирге бағыт алған. Алайда, қаруланған жолаушы ер адамның қорқытуымен ұшақ Ларнаки қаласына қонуға мәжбүр болған.

1399142267

Сурет: © AFP 2016/ STR

Жергілікті телеарналардың хабарлауынша ұшақты тұтқынға алған Египет азаматының аты-жөні Ибрагим Самаха.

Оқиға таңертеңгі уақытта болған. Ұшақ бортында 55 жолаушы  мен экипаждың 7 мүшесі болған.

Жолаушылар ұшақтан тек қол сөмкелерімен ғана түскен. Лайнер қазіргі уақытта ұшу алаңында тұр.

Ұшақ Ларнаки әуежайында таңғы уақытта қонған. Бір сағат өткен соң ұшақтан әуелі әйелдер, сосын бірнеше ер адамдар босатылған.

Жергілікті телеарнадан көрсетілгендей, жолаушылар ұшақтың алдыңғы есігінен шыққан. Олар автобуспен әуевокзалына жеткізілді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар