Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кинотеатрлар “Кұнанбай” фильмін көрсетуден бас тартқан

“Құнанбай” фильмінің авторы  осы уақытқа дейін талай кинотеатрдың табалдырығын тоздырған.  Және  олардан  көрсетпеуінің нақты себебін де біле алмаған. Бұл туралы STAN.KZ.

Untitled-1

Ұлы ақын, кемеңгер Абайдың әкесі туралы «Құнанбай» фильмі осы жылдың көктемінде прокатқа шығу керек болған. Бірақ, еліміздегі кинотеатрлар фильмді көрсетуден бас тартқандықтан қараша айына шегерілді.”Құнанбай” фильмін еліміздің кинотеатрлары көрсетуден бас тартып отырған көрінеді. Фильмнің көрерменге жетуі үшін көп жерге бардық. Тек, «Арман» кинотеатры 26-қарашада көрсететін болып келісті. Басқа қалалар да 2-3-желтоқсан күндері көрсетіледі. Сондықтан«Құнанбай» фильмі кешеуілдеп жатыр», – деді фильмнің режиссері әрі басты рөлді сомдаушы Досхан Жолжақсынов.

Фильмнің тұсаукесері Астанада 2015 жылдың 15 мамырында Қазмедиа орталығында өтті. 13 мамыр күні бірінші шығыс қазақстандықтар көрді.  Ал прокатқа 25 мамырдан бастап шығады деп жоспарланған.

Талқылау