Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киностудия аюдың Ди Каприоны талағанын жоққа шығарды

20th Century Fox киностудиясы «Выживший» фильміне түсу барысында Ди Каприоға сценарий желісі бойынша аюдың тиіскені жайлы қауесетті теріске шығарды. Кино желісі бойынша жыртқыштың кейіпкерге айбат көрсететін тұсы бар. Алайда, аң оны талаған жоқ.

large_8dc793f24b

 

Сыншылардың пікірінше, оқиға желісінде аюдың адамның артқы тұсынан келіп итеретін жері бар, осы көрініске байланысты аюдың актерді талағаны туралы сөз тарап кеткен. Фильмде аю өз қонжықтарын адамдардан қорғау үшін сондай әрекетке барады.

Ди Каприоның өзі аюмен бірге бір эпизодқа түсу оңайға соқпағанын айтады.

Осы жайлы әңгіме Drudge Report басылымында жарияланған ақпарат бойынша ғаламторда тез тарап кеткен. Өмір сүру жолдары мен кек алу әрекеттерінің соңы кейіпкердің осымен екі рет аюға таланғаны жайлы әңгімеге ұласып кеткен.

«Выживший» фильмі америкалық зерттеуші әрі аңшының Хью Гласса аңымен шайқасы жөнінде түсірілген. Басты рөлде Ди Капри ойнайды. Жыртышпен айқасып қана қоймай, небір қиыншылықтарды бастан кешіп, өлім аузында қалса да, 320 шақырым жерге дейін шыдап барғандығы оқиғаға арқау болған. Фильм режиссеры Алехандро Гонсалес Иньярриту. Фильм 7 қаңтардан бастап ресейлік кинотеатрлардан көрсетіледі.

Талқылау