Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYou әншісі өзіне актриса болудың оңай соқпағанын айтты

Маусымның 6-сы күні Баян Есентаеваның бастауымен “Гламур для дур” атты фильм түсіріліп жатқан-ды. Аталған туындының түсірілім жұмыстары шілде айының 5-не дейін жалғасты. Түсірілім барысында көптеген өзгерістер мен қызықты оқиғалар болған. Басты рөлде Баян Есентаеваны Әсел Ақбарова алмастырған.

image

Фото: instagram.com/akbotanur_official/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

“Гламур для дур” фильмінде басты рөлдердің бірін Ақбота Сейтмағамбет ойнайды. Бұл оның алғашқы тәжірибесі екен.

“Бізге Баян Мақсатқызы осы рөлде ойнамайды деп айтты. Кастинг жүріп жатқан кезде ол кісіге бейімделіп, біраз үйреніп қалған едім. Әрине, кімнің ойнап-ойнамайтынын тек режиссер шешеді. Көнуімізге тура келді”, – дейді Ақбота Сейітмағамбет.

Ол жантүршігерлік оқиға туралы алғаш болып естігендердің қатарынан. Бір жағынан жанына батса, екінші жағынан ұстазсыз сомдай алмай біраз қиналған екен. Десе де, Баян ханымды алмастыратын актриса тез табылған.

Ақботаға сомдайтын кейіпкерінің мінезінің өзіне ұқсайтындығы көп көмегін тигізген екен.

“Бастапқыда оның бұзықтау, еркелеу қыз екенін білмедім. Маған оның ер мінезді, ақылды, қылықты қыз екенін айтты. Бірақ ауылда өскендіктен, ешнәрседен бас тартпайтын көрінеді. Тек “иә, иә” деп тұратын қыз. Басында ұялып, екі күндей қиналып жүрдім. Ал әзір мұның барлығы тарқап кетті. Режиссер өте қатал жан. Түсірілім кезінде бетімді көгертіп алдым. Бір апта солай жүруіме тура келді”, – дейді ол.

КешYou құрамының өзге әншілері жазғы демалыстарын пайдаланып Түркияның Анталия қаласына демалуға кеткен. Түсірілім алаңына байланған Ақбота Сейтмағамбет биыл демалыссыз қалды. Десе де, продюсеріне еш ренжімейтінін айтады.

“Бізде маусымның 6-сынан бастап, 20-сына дейін демалыс. Қыздар екеуі Анталияға барып демалып қайтты. Концерт біткен соң киноға түсуім керек болып қалып қойдым. Кішігірім съемкілер болған кезде мені босатады. Қалған уақытта осы жердемін. Тіпті ұйқым да қанбайды. Аллаға шүкір, бала күнгі армандарым орындалып жатыр. Ешнәрсеге ренжімеймін”, – дейді актриса.

Аталған туынды ағымдағы жылдың желтоқсан айында көрермендерге жол тартпақ.


Жіберіп алмаңыз:

“Комедия для дур” фильмінде басты рөлді “KeshYou” солисі сомдайды

“КешYou” әншісі махаббаттан көңілі қалғанын айтты

КешYOU мерейтойлық концерттерінде су астында өнер көрсетті (видео)

Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді

Талқылау