Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кино жұлдыз Джейми Фокс жанып жатқан көліктегі адамды құтқарып қалды

Квентино Тарантиноның “Джанго құтқарушы” фильмінде басты рөлде ойнаған Джейми Фокс жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісін құтқарып қалды. Ол өртке оранған көліктен зардап шегушіні алып шыққан.

kinopoisk.ru

Оқиға 18 қаңтар күні кешкілік, Лос-Анджелестегі Хейден-Вэлли қалашығында Фокстың үйіне қарама-қарсы жерде орын алған.

Апат тайғақ жолда жүргізушінің басқаруға ие бола алмай қалғандығынан орын алуы мүмкін. Автокөлік жол жиегіндегі жыраға құлап кетіп, бірнеше рет аунап, сосын жана бастаған.

Фокстың айтуынша, ол айғай-шуды есітіп, көшеге жүгіріп шығады. Жарылып кету қаупі бар көлікке еш қорықпай жылдам барған актер, жүргізушіні қапсыра құшақтап, оны бірнеше метр жерге көліктен алшақтатып үлгерген.

Артынша-ақ өрт сөндірушілер мен полиция және дәрігерлер келген. Ал денесін күйік шалған жүргізуші жарақатпен ауруханаға жөнелтілген.

Джейми Фокс – “Оскар” сыйлығына ие болған жалғыз бірегей афроамерикандық. Атақты сыйлықты ол “Рэй” фильміндегі рөлі үшін алған болатын. Ал Майкл Манның “Қатысушы” картинасындағы рөлі екінші пландағы үздік ер адам рөлі номинациясында да Фоксты жеңімпаз еткен.

Ал 2016 жылғы “Оскар” сыйлығына үміткерлердің ішінде бір де бір қара нәсілді актер және режиссер жоқ. Осыған байланысты Спайк Ли, өзге де бірқатар кинорежиссерлер сыйлыққа байкот жариялаған еді.

Талқылау