Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кино шықпай жатып жарнамасынан түсініп алдық: Қазақ актері Бүркіттің түсіріп жатқан фильмін сынап тастады

Театр актері Бақыт Тушаев әнші Бүркіттің түсіріп жатқан комедиялық фильмін сынға алды.

Бақыт Тушаевтың айтуынша, желіде жарияланып жатқан фильмнің әр үзіндісінен-ақ оқиға сюжетінің елге түсінікті болып қалды.

“Əнші Бүркіт бауырымыздың жаңа түсіріп жатқан киносының жартысынан көбін о желіде отырып көріп тастадық. Әр кадрдан фото, видео жүктеген сайын киносынан біраз мағлұматтар алдық. Жалпы басқа да кейбір режиссерлар осындай дертке ұрына бастады. Оған біз секілді елірме актерлар қосыла кетеміз. Жасаған образды фильм шықпай көзімізді алайтып инстаны толтырып тастаймыз.

Осы Нұртас Адамбайлар үндемей жүріп-ақ бұрқыратып кассаны қырып жатыр. Жалпы киношниктер əр жасап жатқан туындымызды пісіріп ұсынған дұрыс-ау, дәл процесс барысын шикі кезін жарнамалап тастаудың аса қажеті жоқ сияқты. Негізі трейллері шыққанға дейін сырт көзден құпия ұстаған жөн. (мысалы Высоцкии фильмі). Қазақ “арық сөйлеп, семіз шық” демей ме?! Қай уақытта қашан түсірілгені белгісіз, ойда жоқта шыққан фильмдер табысты болады екен”, – деп жазды ол.

Будет увлекательно , интересно и смешно!🎬👌🏻🎥 Экшн-комедия “Загадай Желание” или “Как xотят девушки” этой осенью в кино! OTAN film представляет #беркуткино #отанфильм @88.entertainment #berkut #instamovie #kazakhstan #movie #казаxскоекино #berkutkino

Публикация от Беркут Аиша (@berqut_qazaqstan)

Бүркіт желідегі парақшасында экшн-комедия жанрында кино түсіріп жатқанын айтып, үзінді кадрлар мен суреттер жариялап жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау