Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kinder шоколадынан қауіпті ауруларға соқтыратын заттар табылды

Foodwatch тұтынушылар құқығын қорғау ұйымының сарапшылары Kinder шоколадынан қауіпті аурулар тудыратын заттар табылды.

киндер

Сурет redstonefoods.com

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Шоколад өнімдерінен мұнай өңдеу кезінде қолданылатын миенаралды ароматты май (МОАН) табылған. Шектен тыс артық қосылған мұндай майлар сынақтан өткізілген 20 өнімнің арасында 3 шоколадты конфет түрінен байқалып отыр.

Бұл қауіпті заттар онкологиялық аурулар тудырады екен. Олар өнімнің орамасына да пайдаланылған. Foodwatch өкілі Джон Хиг бұл өнімдерді сатып алмауға шақырды. Сараптама қорытындыларын жария еткен ұйым тәтті өнімді дүкен сөрелерінен алып тастауды сұрағанымен, олардың бұл ұсынысы сатушылар тарапынан қарсылыққа тап болған. Ал Неміс кондитерлік ассоциациясы ұйым тәркілеген қауіпті заттар үшін еш алаңдаудың қажеті жоқ дейді.

Kinder Chocolate маркасының иелері италиялық шоколад өндірушілері және Ferrero SpAның басқа да кондитерлік мекемесі болып табылады. Қазіргі таңда топқа әлемнің ондаған сауда компаниялары мен фабрикалары енеді.

Талқылау