Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кінәлі емеспін: Павлодарда ата-анасын аяусыз бауыздап өлтірген жігітке қатысты сот үкімі шықты

Павлодарда туған анасы мен өгей әкесін өлтірген 17 жастағы жігіт кінәлі деп танылды. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы өз кінәсін мойындамады. Тіпті, соңғы сөзінде өзін ақтап алуды сұрады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Кінәлі емеспін: Павлодарда ата-анасын аясуыз бауыздап өлтірген жігітке қатысты сот үкімі шықты

Сотталушы жақындарының өліміне өгей әкеісінің ағасын кінәлады.

Еске сала кетсек, былтыр наурыз айында қайтыс болғандардың денесі саяжай аумағында табылған еді. Ол жерде ерлі-зайыптының шағын балық цехы болыпты. 37 жастағы әйел мен 27 жастағы ер адам аяусыз пышақталған. Олардың денесінен 40-жуық пышақ жарақаты анықталды.

Олардың өліміне күдікті ретінде қайтыс болған әйелдің ұлы ұсталып, сонымен қатар оған ұрлық жасап, көлік ұрлады деген айып тағылды.

Іс материалдары бойынша, жігіт қайтыс болғандардың үстіндегі алтын бұйымдарды шешіп алып, ұялы телефонын алып, көлікке мініп кетіп қалған. Хабарланғандай, ол мұндай әрекетке өгей әкесімен ұрысып қалғандықтан барған.

Сотталушы сот залында өзін мәжбүрлегеннен кейін ғана кінәсін мойындағанын айтты. Алайда сот төрағасы оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Ендігі ол жазасын қатаң тәртіптегі түзету мекемесінде өтейді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау