Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кімнің жеңгенін айтқым келмейді: Головкин “Канелодан” жеңілісіне қатысты пікір білдірді

Орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағынан айырылған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен қарымта кездесудегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді.

Геннадий Головкин

Сурет: HBO Boxing

Бұл туралы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Жекпе-жекте кімнің жеңіске жеткенін айтқым келмейді. Себебі төрешілердің шешімі бойынша жеңіс «Канелоға» тиесілі. Менің ойымша, бұл жанкүйерлер үшін тамаша жекпе-жек болды. Мен оған (ред. “Канело”) қарағанда әлдеқайда жақсы жұдырықтасамын деп ойладым», – дейді Головкин.

Сонымен қатар Геннадий Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізу туралы көзқарасы туралы сұраққа жауап берді.

«Шарттары дұрыс болған жағдайда – иә», – дейді қазақстандық боксшы.

Өз кезегінде Альварес те қазақстандық қарсыласымен тағы бір жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол екінші жекпе-жекте таза жеңіске жеткенін және әзірге жеңісінен ләззат алғысы келетінін айтты.

Айта кетсек, бүгін, 16 қыркүйекте, Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз  Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау