Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ким Кардашьянға ұқсағысы келген екі жігіт Фейсбукте ұрысып қалды

Косметикалық және пластикалық операцияға мыңдаған долларын жұмсап америкалық танымал тележүргізуші Ким Кардашьян мен оның әпкесі Кайли Дженнерге ұқсағысы келген Ұлыбританияның екі тұрғыны Фейсбук желісінде ұрысып қалды.

ысыс

Бирмингем қаласының тумасы 25 жастағы Джордан Парк ернін үлкейтіп, бет-әлпетін жаңарту үшін бірнеше мәрте операция жасатқан. Ал 22 жастағы Джеймс Холт болса ерін көлемін өзгертіп, әдемілей түсу үшін 10 мың фунт стерлингтен астам қаражатын шығындапты.

Холт өз парақшасында Парк туралы да ақпарат жазылған Кардашьян жайлы жазба қалдырған соң ұрыс басталған. Көңілі толмаушылық білдірген жауапқа Парк бірнеше жауап пікір жазып, “қарсыласын” өз-өзін күте алмайды деп айыптаған. Сондай-ақ, ол Джеймстің қымбат операцияларын жыныстық байланыстағы үлкен жастағы еркектер төлеп берді деп кінәлайды. “Бұл біздің желідегі алғашқы ұрысымыз емес. Менің қоғам алдында сырт келбетіммен танымал болып кетуім Джеймстің шамына тиеді” дейді Парк.

Талқылау