Ким Кардашьян өзінің сексуалды суреті мен видеосы жайлы сынға жауап берді

Бейсенбі, 10 Наурыз , 2016 12:59

Америка тележүргізушісі Ким Кардашьян 7 наурызда Instagram парақшасында өзінің жалаңаш суретін жариялаған еді.

10369550_1008975122510235_1726779345_n

«Мен анамын. Мен әйелмін, біреудің әпкесімін, біреудің қызымын. Өзім кәсіпкермін. Сондықтан сымбатты болуға хақым бар», – деп жазып әйелдер мерекесін еске ала кеткен еді.

«Мен ешқашан өзгелердің түсіне алмайтын шығармын. Неліктен олардың біреудің өмірі қызықтырады екен. Мен есірткі қолданбаймын. Ішімдік ішпеймін десе де болады, қылмыстық әрекеттер жасап жатқан жоқпын. Мен көп модельдің бірі емеспін. Сондықтан өз сымбатыммен мақтанам. Неліктен барлығы баяғы видеоны әлі күнге сөз етеді? Ол осыдан 13 жыл бұрын болған жағдай. Бірақ халық сол жайлы әлі де талқылап келеді. Мен одан бері көп өзгергенмін. Бірақ, ол үшін үнемі бәрінің алдында ақталып жатуға міндетті емеспін», – дейді Кардашьян.

Оның жақында ғаламторда жарияланған жалаңаш суреті әлеуметтік желілер мен БАҚ өкілдері арасында қызу талқыға түсті. Британдық журналист Пирс Морган жалаңаш сымбатын жабу үшін Кардашьянға киім алып беруді ұсынған. Әріптесі Морец, Бетт Мидлер «Егер Ким бізге бұрын көрсетпеген дене мүшесін көрсеткісі келсе, камераны жұтып алуы керек еді», – деп жазған.

Бұған дейін Ким Кардашьянның желіде тыр жалаңаш суретін жариялағаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар