Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ким Кардашьян күйеуі үшін сырт келбетін өзгертіп тастады

«Кардашьяндар әулеті» реалити-шоуының қатысушысы Ким Кардашьян күйеуі әрі рэпер Канье Уэстпен шаңырақ көтергендеріне 4 жыл толуына орай, шашының түсін өзгертіп тастады, деп жазады Stan.kz.

«Кардашьяндар әулеті» реалити-шоуының қатысушысы Ким Кардашьян күйеуі әрі рэпер Канье Уэстпен шаңырақ көтергендеріне 4 жыл толуына орай, шашының түсін өзгертіп тастады

Тележұлдыз Instagram желісінің stories-інде шашын басқа түске бояп түскен видеосын жариялады.

«Менің шашым қайтадан сары болды. Канье шаш түсінің сары болғанын ұнатады. Неке тойымызға 4 жыл толуына орай, шашымды бояп тастадым», – дейді 37 жастағы Кардашьян.

Ким Кардашьян

Бұған дейін тележұлдыз 2017 жылдың қыркүйек айында шашын сары түске бояған еді. Ал 2018 жылдың наурыз айында шашын табиғи қара түске бояды.

Айта кетсек, бұған дейін Ким Кардашьян үшінші сәбиінің түрін көрсеткен еді.

Талқылау