Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kiki Challenge флешмобын жасаған жүргізушілер 6 айға куәлігінен айырылады

Соңғы кезде елімізде «Kiki Challenge» флешмобы кең тарап кетті. Яғни, жүргізушілер көліктен түсе сала әуенге билей жөнеледі. Полицейлер жүргізушілердің жазаланатынын айтты.

Атырау облысының ІІД тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту шарасын қарастырып жатыр.

“Флешмобты жасаушылар күннен күнге артып келеді. Мұны істеушілер өз басының қауіпсіздігіне ғана емес, өзгелерге де залалын тигізуі мүмкін. Облыстық ІІД осыған қатысты ескерту жасайды”, – деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметінде.

Полицейлердің айтуынша, тәртіп бұзушылар 6 айға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады немесе 3 тәулікке дейін қамалады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау