Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киімнің түсі адам көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді (фото)

Біздің түстерді қабылдауымыз бұл қалыпты әдетке, мәдени дәстүрге және табиғаттың өзіне тікелей байланысты. Киім түсін қоршаған ортаға, көңіл-күйге орай ауыстыруға болады.

Сіздерге қандай түстің адамға қандай көңіл-күй сыйлайтынын, адам бойында ерекше образ қалыптастыруға жеткілікті екенін баяндаймыз.

Қызыл

10012571_244062169273600_39551043_n

Қызыл түсті адам терісінің түсіне сай ыңғайлы етіп таңдағаны жөн. Қызыл түстер қатары адамға сенімділік сыйлап, өзгелердің назарын аудартады. Бұл түсте құмарлық та, қауіп те бәрі жинақталған. Қызыл мен қара түстің өзара үйлесімі классикалық реңк береді. Ал ақ және ақшыл сары түстер образды теңестіріп, оны салмақты ете түседі.

Сары

8343610-650-1459763430-shutterstock_279728981

11906275_484492691742114_317884745_n

Jeannie Mai стилі бойынша белгілі маманның айтуынша, нұрлы әрі көңіл-күй сыйлайтын түс тәкаппар адамның өзін сіздің қасыңызға үйір етіп қоюы мүмкін. Алайда оны теріңіздің түсіне байланысты дәл таңдай білу қажет. Егер, сенімділік болмаса онда сары аксессуар немесе белдемше алған жөн.

Көк

камшат2

Егер алда қиын күн күтіп тұрса немесе кездесуге баратын болсаңыз ендеше көк түсті киімді таңдаған дұрыс. Осылайша сіз алғашқы кездесуді есте қаларлықтай өткізіп, жақсы атмосфера қалыптастыра аласыз.

Жасыл

157

Бұл түс адамның көңілін жайландырып ғана қоймай, өз-өзін жинауға да мүмкіндік береді. Бұл түс кез-келген түстегі өңі бар адамдарға жарасады. Егер жасыл түсті анық қылып паш еткіңіз келсе, онда кез-келген аксессуар жарай береді. Егер жасылдың өңі тым ашық емес болса, оны ашық түсті бас киім немесе ашық безендірумен білдірмей жіберуге болады. Бұл ретте тым шектен шығып, артық тырысудың да қажеті шамалы.

Күлгін

156

Егер өзіңізді салмақты әрі сенімді адам ретінде көрсеткіңіз келсе, мәселен жұмысқа орналасу үшін кездесуге барар болсаңыз дәл осы түстегі киімді киіп баруға әбден болады. Ол жас бейнеге әлдеқайда ересек келбет бере алады. Сондай-ақ, бұл түс күнделікті образ қалыптастыра алады.

Қара

12519652_1728357790718643_1209931233_n

8343210-650-1459763430-model-993907_960_720

Қара түсті киім кез-келген адамға жараса береді. Бұл түс екі түрлі сезімді көбірек білдіреді: уайым және тым кербез кескін. Бұл түстің тым жабырқаңқы бет-бейнеге айналдырмасы үшін, негізгі реңк беруші түске қоса өрнек немесе қандай да бір толықтырғыш түс енгізсе жетіп жатыр.

Қызғылт сары

8343410-650-1459763430-shutterstock_378678079

Бұл түс өзіне қызыл түстің тереңдігі мен сарының сәулелі түсін тоғыстырған. Бұл түс белсенділік пен креативті идеялар тудыруға мүмкіндік береді деп айтылады.

Талқылау