Киімді бір күннен кейін қайтаруға келетін арулар сатушыларды шаршатқан

Сәрсенбі, 15 Маусым , 2016 17:20

Киім саудасымен айналысатындар кешкі жиындарға арналған қымбат киімдерді алып, бірнеше күннен кейін ақшасына келетін арулардан шаршағандарын айтады. Сатушылар киімді заң бойынша 14 күн ішінде өткізген адамға ақысын қайтаруға міндетті. Осыны «тиімді» пайдаланған қыз-келіншектер баратын жерге сәнді көйлекті киіп барып, тазалап сатушыға қайтып әкеледі екен.

койлекккк

Сурет aliexpress.com сайтынан алынды.

Бұл туралы 31 арна жазған.

Әйелдерге арналған сәнді көйлектерді саудалайтын дүкен сатушысы Гүлжамал Сахова екі жыл ішіндегі жұмыс тәжірибесінде мұндай қызықтың талайын көрген. Алаяқтарды бірден ажырату оңай емес дейді ол. Себебі, алаяқ сатыпалушылар түрлі жаста, түрліше киінген, сөздері мен өздерін ұстауы да сан түрлі болағнымен жоспарлары біреу екен. Демалыс алдында дүкенге келіп ең қымбат көйлекті таңдап жүріп алып, арада бірнеше күн өткенде қайтару үшін келеді екен.

«Айтатындары «тар болып қалды», «қысып тұр». Ол киімнің киілгенін дәлелдеу үшін сотта сүйресіп, арнайы сараптама жасатып жүру керек болады. Әуресі көп. Басқа амал жоқ, келген адамға ақшасын қайтаруға тура келеді, заң сондай»,-дейді Гүлжамал Сахова.

27 жастағы Айгүл Қазыбекова бұл әдістің қыздар арасында бірнеше жылдан бері бар екенін айтады. Әрі әйелдер бір кешке киген сәнді киімін екіншісіне киюге арланады екен. Дегенмен әр отырыста ерекше құлпырғысы келетіндердің осындай құйтырқылыққа баратыны ешкімге құпия емес дейді қала тұрғыны.
«Жасыратын несі бар, қайта-қайта жаңа көйлекке ақшаны табу да оңай емес. Атын атамай-ақ қояйын бір жолы өзім де дүкеннен көйлек алып бір кешке кидім, артынша алған жеріме апарып өткіздім»,-дейді айгүл Қазыбекова.

Кез-келген сауда орнына киім сатып алған жағдайда алған түбіртегіңіз бен затты қайтарып ақысын ала аласыз. Заңгерлер тіпті тұтынушылар құқығын қорғау ұйымы мен жаңа заң сатып алушылардың пайдасына жарарлық тағы бірнеше мысалды айтып өтті.

«Егерде сіз мысалға, Gucci немесе Chanel сынды брендтің сөмкесін сатып алсаңыз, сапасына көңіліңіз толмаса 30 күннің ішінде қайтара аласыз»,-дейді адвокат Серік Айтбаев.

Танымал бренд өнімдерін қайтарғыңыз келсе сатып алушыға оның алғашқы жылтыраған түрін сақтаудың да қажеттілігі шамалы. Тек қолыңызда ақысын төлегеніңізді растайтын түбіртек болғаны болса болды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар