Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киевте гей-жұп неке қию салтанатын жасады

Киевте екі гомосексуал еркек бейресми некелесу салтанатын жасады. Шараға 30-ға жуық адам қатысқан. Тіпті АҚШ-тан арнайы түсірілім тобы да келіпті.

72_main

Сурет korrespondent.net

Бұл туралы lgbt.org.ua хабарлайды.

ЛГБТ-ның бүкіл әлемдік шараларынан қалмайтын Gaycation канадалық телебағдарламасы да осы салтанатты шараның ортасынан табылған.

“Салтанатты шара ойдағыдай өтті. торт та, гүл лақтыру да, түрлі сайыстар да, би де болды”, – деп жазады тойға қатысушылар әлеуметтік желіде. Осы кезге дейін ЛГБТ-қауымдастығы Киевте теңдік фестивалін де өткізгісі келіп жүрген еді.

Еске сала кетсек, Грекияда гейлерге некелесуге рұқсат берілгенімен, бала асырап алуға рұқсат етілмеген. Словения да біржынысты некеге қарсы дауыс берді. Алайда ел парламенті наурыз айында неке туралы заңды өзгертіп “ер мен әйел одағы” емес, “екі адамның бірігуі” деп жазған. Бұған қарсы шыққан наразылық көбейіп, ақыры мәселе референдум арқылы шешілетін болды.

Қазіргі таңда біржынысты неке 19 елде заңдастырылған. Оның 14-і Европалық мемлекеттер.

Талқылау