Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киевте бәстесіп ұлымен бірге көлік жолын кесіп өтпек болған ер адам көз жұмды

Бәске бола көлік ағылып жатқан жолды ұлымен бірге кесіп өтпекші болған ер адам қайтыс болды.

вмвм

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Оқиға Киев қаласындағы Генерал Ватутин даңғылында жексенбі, 6 қараша күні кешкі уақытта болған.

“Алдын-ала ақпарат бойынша, әкесі мен баласы бәстескен соң көлік ағылып жатқан жолды кесіп өтуге талпынған. Нәтижесінде ер адам сол жерде көз жұмса, баласы өте ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Оларды автокөлік қағып өткен”, – делінген құқық қорғаушылардың хабарламасында.

Әкелі-балалы екеуін жолдың сол жақ бөлігімен келе жатқан Daewoo маркалы көлік қаққан.

Талқылау