Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Киев төрінде гей-шеру өтті

Жексенбі, 12 маусым күні Киевтің орталығында гей-шеру өткізілді. Шараға екі мыңнан астам адам жиналған.

4b0624b3bfa24f5554018cbbeac320b0

Бұл туралы Korrespondent.net хабарлайды.

Маршқа қатысушылар арнайы күзет қызметінің қарауылымен Киев ұлттық университетінің бас корпусынан Лев Толстой атындағы алаңға дейін жүріп өткен.

photo_187219

Акцияға Украинадағы Ұлыбритания елшісі Джудит Гоф, неміс саясаткері Реббек Хармс, украиндық әнші Камалия, сондай-ақ “Петр Порошенко Блогы” атынан халық депутаттары Сергей Лещенко, Светлана Залищук және Мустафа Найем секілді адамдар қатысты.

Шараға қатысушылар “ЛГБТ құқығы – адам құқығы”, “Бәрін өзгертуден қорықпа” ұрандарымен өткізілген.

Талқылау