Киелі Топағаш: Тоғайдың ағаштары мен тастары, ауасы да адамды емдейді (фото)

Сейсенбі, 27 Маусым , 2017 12:56

Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан Топ ағаш тоғайына жұрт емделу үшін барады, деп жазады Қазақпарат.

roschaTOp-Agash

Тоғайдың шырақшысы Ғалымжан Ұзақбаев кіре беріс жерге белгі ретінде үш саңылаудан тұратын арка жасап қойған. Өзінің айтуынша, бұл үш жүздің бірлігін көрсетеді.

«Мұнда құстар жоқ. Жердің құрылымы әр түрлі, ерекше ағаштар өседі. Ағаштардың жапырақтары да әр түрлі болып келеді. Әрбір қатары үш жүзді бейнелейді», – дейді ол.

roschaTOp-Agash3

Ұлы, Орта  және Кіші жүз бір жерге орнасластырылған. Ондай ағаштар өзге жерде өспейді. Ағаштарды басқа жерге апарып ексе, өспейді. Әр ағаштың емдік қасиеті бар. Ұлы жүздің ағашы адамның мансабын жоғарылатып, табысқа жеткізеді. Орта жүз ағашы қиындықтарды шешіп, ауырлықты азайтады. Кіші жүз ағашы шығармашылық адамдарға, спортшыларға демеу болып, тұрмысқа шықпаған қыздардың жолын ашады деген түсінік бар.

«Топ ағаш тарихы ХІV ғасырдан бастау алады. Аңыз бойынша осында 1378 жылы Ахмет Яссауидің немере қызы туылып, (Домалақ ана) оны Бәйдібек би йелдікке алған. Кейіннен Болат ханның кезеңінде Бөгенбай батыр 1726 жылы осындай үз жүздің басын қосып, жоңғарлармен соғысқан. Жоңғар әскерінің 3 есе кқптігіне қарамастан қазақ әскері сол соғыста жеңіске жетеді. Сол себепті де осы жер «Сұңқайты» аталып кеткен. Ол «Сұмырайдың беті қайтты» дегеннің қысқарған түрі», – дейді Жамбылдық тарихшы, өлкетанушы Асқар Қошмамбетов.

Тоғайда Әбілқайыр ханның өзі отырғызған тал бар. Тоғайдың ауасы да, тасы да, талы да адамды емдейді. Тоғайдағы қара түсті тастың бетінде «Алла» сөзі жазылған.

Шырақшының айтуынша, репрессия кезінде НКВД аамдары келіп тоғайдың көзін жоймақ болған. Алайда ағашты кескендер түрлі ауруға шалдығып, қансырап өліпті. Бұл әңгіме ел аузында таралып кеткен. Тіпті, ауданда сол жайтты көзімен көргендер бар көрінеді.

Топ ағаш аумағына Ақыртас кешені бар. Жамбыл облысында одан бөлек киелі жерлер көп. Меркі ауданында балбал тастар, Әулиебастау, Қара бастау, Айша бибі кесенесі, Таразда ежелгі мешіт бар.

Тағы да оқыңыз:

Өскеменде полицейлер көшедегі қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамды босата салды

Сарапшы: Шындығында емші бала Ербосынның адамдарды емдей алатын қасиеті жоқ

Атырау облысында “халық емшісіне” емделген әйел бірден көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар