Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хью Джекман үйленгеніне 20 жыл толған күнді жағажайда атап өтті (фото)

Австралиялық актер  Хью Джекман әйелі Деборра –Ли  Фернесспен үйленгендерінің 20 жылдығын жағажайда атап өтті. Сондай-ақ актер 20 жыл бұрын болған тойының суреттерін Инстаграм парақшасында жария етті.

актер

Өнер иесі айтулы датаны 11 сәуір күні атап өткен. Голливуд жұлдызы желіге жүктеген суретінде  мерекелік кешке жайылған дастарханның басында жарымен отыр. Айналасы толы екі жастың қуанышына ортақтасып жиналған достары мен туыстары. Актер суретінде құрметті қонақтарына қарап жымиып отырады.

1829b64e9612dde54f48f222694649f9

47 жастағы актер мен оның 60 жастағы әйелі асырап алған екі балаларын тәрбиелеп отыр. Олардың жас айырмашылығы отбасының беріктігін сақтауда ешқандай кедергі болмаған. Қайта көптеген ғашықтардың қолы жете бермейтін 20 жыл уақытты бір шаңырақ астында өткізген.

актер3

актер2

Актер әйелімен бірге  отбасылық мереке күні  Сент-Бартелеми аралына ұшып келген. Олар жеке қалып еркін  жүру үшін осындай таңдау жасаған. Алайда жоспарлары жүз пайыз жүзеге аспапты. Себебі жағажайдада актерді танып, сырттай суретке түсіргендер көп болыпты. Суреттеріне қарасақ  актер мен  әйелі  20 жылдық мерекені жеке әрі өте көңілді өткізген сыңайлы.

актер1

 

 

Талқылау