Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хью Джекман жағажайда суға кеткен балаларын құтқарып қалды

Австралиялық актер Хью Джекман Австралиядағы Бонди атты Сидней жағажайында басын қауіпке тігіп, суға батып жатқан ұлын құтқарды. Артынша демалушыларға да көмек көрсетті.

Cast member Hugh Jackman poses at the movie premiere of "Real Steel" in Los Angeles October 2, 2011. REUTERS/Danny Moloshok (UNITED STATES - Tags: ENTERTAINMENT)

Сурет: m.kino-teatr.ru 

Оқиға өткен сенбіде орын алды. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қатты ағыс болып, бірнеше демалушы суға бата бастаған. Олардың бірі актер Хью Джекманның 15 жастағы ұлы болды.

Актер көп ойланбай ұлын құтқаруға ұмтылды. Кейін өзге жүзушілерге жағалауға шығуына көмектесті. Бұл кезде құтқарушылар да келіп қалды. Кейін олар Instagram парақшасында  актердің ерлігіне алғыс айтты.

Одан бөлек актерға Питер Адам есімді демалушы да көмектескен.

«Ол мені құтқарған жоқ. Мен оның қызын жағаға шығуына көмектестім. Оның қызы жағаға шыға алмады. Сондықтан мен оның қолынан ұстап жетектедім. Сосын ол ұлына көмектесуге кетті», – дейді ол.

Талқылау