Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хэллоуин кешінде Астанадағы түнгі клубта бойжеткеннің үстіне баннер құлап кетті

Хэллоуин кешінде Астана қаласындағы түнгі клубтардың бірінде қыздың үстіне баннер құлап кетті. Оқиға орнына жеділ жәрдем келіп, ол бірден ауруханаға жеткізілді.

Хэллоуин кешінде Астанадағы түнгі клубта бойжеткеннің үстіне баннер құлап кетті

Сурет: Sputnik/Роман Махмутов

Мерекелік шараны ұйымдастырушылардың сөзінше, Еленаның  үстіне құлаған баннер толық бекітілмеген екен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап Stan.kz.

«Лена костюмді ойын қатысушыларының бірі болды. Баннер соңына дейін бекітілмеген, салдарынан конструкция құлап түсті. Қасында бір жігіт тұрған еді, абырой болғанда, ол баннерді ұстап үлгерді. Оқиға дискотека басталардың алдында, шамамен күндізгі сағат екіде болды. Кейін біз жедел жәрдем шақырдық», – дейді шара ұйымдастырушысы Әділхан.

Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 17 жастағы Елена №2 балалар ауруханасына жеткізіліпті. Медициналық қызметкерлер оның басын рентгенге түсірді. Қызға травматолог дәрігер кеңес беріп, емханада емделуге жіберілді.

Бойжеткен ауруханада тексерілгеннен кейін дискотекаға қайтып оралған.

 

Талқылау