Ағылшын соты Храпуновтың активтерді қайтару туралы арызын қабылдамады

Ұлыбританияның Жоғары соты Ілияс Храпуновтың өтінішін қабылдамады. Мұхтар Әбілязовтың күйеу баласы Ілияс Храпуновтың активтерін пайдалануға тыйым салу туралы сот шешімін жою туралы өтініш тастаған еді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Судьяның айтуынша, банк тарапынан ешқандай құқық бұзушылықтар болмаған.

«2015 жылдың 17 шілдесінде Ұлыбритания  Жоғары соты Ілияс Храпунов пен Мұхтар Аблязовқа тиесілі активтерді бұғаттаау туралы үкім шығарды. Аталған бұйрықтың кесірінен Мұхтар Әбілязов пен Ильяс Храпунов активтері бойынша ешбір мәміле жасай алмай отыр. Сондай-ақ, үшінші тұлғалар банктің келісімінсіз және Ағылшын сотының рұқсатынсыз  Храпуновқа тиесілі активтермен жұмыс жасай алмайды. 2016 жылдың наурызында Ағылшын және Уэльс коммерциялық соты барлық активтерінің пайдалану мен мәмлелері туралы толық мәліметті жария етуге мәжбүрлеген болатын. Алайда Храпунов оны орындамады»,- делінген БТА банк баспасөз қызметінің хабарламасаында.

Енді активтерге салынған тыйымды бұзу туралы сот шешімін Храпунов апелляциялық тәртіпте даулауы мүмкін. Бұл процесс 1-2 айға созылмақ.

«Жалпы алғанда БТА банкі Лондон мен Нью-Йорктегі кеңесшілерінің жұмысын жетілдіруге күш салып отыр. Банк ұрланған ақшаны Қазақстанға қайтаруға мүдделі»,- деді баспасөз қызметінен», – делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз:

Экс-экономика министрі Бишімбаев 12 жылға бостандығынан айырылуы мүмкін

Қазақстан СІМ арнайы операция барысында Қырғызстан депутаты ұсталғанын растады

Қазақстандағы арнайы операция кезінде Қырғызстан парламентінің депутаты ұсталған

Сөз беремін, мен енді өзгеремін: Төреғали халықтан кешірім сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар