Хор жетекшісі Турецкий фамилиясын өзгертуді ойлады

Жексенбі, 29 Қараша , 2015 12:55

«Бұл жағдай менің фамилиямды не хор атауын өзгертуге себеп болып тұрғандай. Неге ауыстырмасқа? Мен жынысымды ауыстырайын деп жатқан жоқпын ғой. Фамилияны емес, жынысты ауыстырған ең сорақы емес пе?» – деді Турецкий.

151128163057_turetsky_624x415_rianovosti_nocredit

Бұл туралы STAN.KZ Business FM-ге сілтемежасай отырып хабарлайды.

Ресей әртісі Михаил Турецкий Ресей мен Түркия арасындағы қақтығысқа байланысты өз фамилиясы мен хор атауын өзгертуден бас тартпайтынын айтты. Business FM радиосына берген сұхбатында ол хор атауын өзгертпесе бұдан кейінгі жағдайда қарама-қайшылық туатынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, оның фамилиясы мен атауы талай саяси қақтығыстардың орын алуына түрткі болған. Мәселен, түріктерге деген қарсы көзқарастағы Арменияда концерт беру кезінде осындай қиындықтар туған. Құдіретті өнердің арқасында, ел сеніміне кіріп, тыңдарманнын қошеметіне ие болған.

Ол өзінің фамилиясының түріктерге ешқандай қатысы жоғын, ата-бабалары мекенеткен Турец атты жерге байланысты еекенін айтады. Оның ата-анасы Мәскеуге Белорусиядан көшіп келген екен.

Ресей мен Түркия арасындағы жанжал өткен аптадағы әуе кеңістігінде Ресей ұшқышын түрік әскерлерінің атып түсіргенін байланысты туған болатын.Ресей президенті Түркияның бұл әрекетін арқаға пышақ қадағандай қабылдады, ал ұшаққа оқ атуға жауапты адамдарды – терроршылардың адамы деп атады.

Әлеуметтік желі қолданушылары осы әректтерден кейін қалжыңға сүйеп,Турецкийдің хорын, түрік кофелер мен «Түрецкий гамбит» фильмінің атауын өзгертуді ұсынды. Ал, РЕсей мемлекеттік Думасының депутаты Сергей Фургал шауырмадан бас тарту керектігін айтты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар