Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хопкинс кәсіпқой бокстағы ең соңғы қарсыласы ретінде Головкинді таңдады

Екі салмақ категориясы бойынша әлемнің экс-чемпионы 51 жастағы америкалық Бернард Хопкинс (55-7-2) қолғабын шегеге ілместен бұрын, бір кездесу өткізуге ниетті екенін жасырмады.

скачанные файлы

Сурет frontproofmedia.com

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

Қоштасу кездесуінде онымен жұдырықтасатын екі боксшының есімін атаған: BA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF орта салмақтағы әлем чемпионы Генадий Головкин (34-0) және WBC әлем чемпионы жартылай ауыр салмақтағы канадалық Адонис Стивенсон (26-1). Алайда, Хопкинстің сөзінше канадалық польшалық Андже Фонфармен қарымта кездесуге шығатыны себепті, бұл жекпе-жектен бас тартыпты.

“Менің жасым 51-де, менің кәсіби мансабым – өте керемет өрбіді. Бокстан кетер алдында бір жекпе-жекке шыққым келеді.Мен жұдырықтасудан ешқашан қашпаймын. Мен – бокстың ескі мектебінен тәлім алғанмын. Алдағы уақытта Головкинмен кездесуім мүмкін. Адонис Стивенсонға келетін болсақ, ол нағыз чемпион. Мен онымен жекпе-жекке шыққым келген. Бірақ, ол келіспеді”, – деп жазды ол твиттерге.

Бұдан бұрынырақта, Головкиннің промоутері Том Леффлер Хопкинсті болашақта қарсылас ретінде қарастыратындықтарын айтқан болатын. Ал қазақстандықтың бапкері Абель Санчес шәкіртінің Хопкинстің рекордын басып озуға ниетті екенін хабарлады. Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 23 сәуір күні Калифорния штатында Инглвудте америкалық Доминик Уэйдке қарсы өткізеді. Қазірге дейін кездесу билеттерінің тең жартысы сатылып кеткен.

Талқылау