Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хоккейші Дамир Рыспаев тісін Қазақстанның туы түстес етіп бояп алды

Норвегияға қарсы өтетін ойын алдындағы жаттығу кезінде Қазақстан құрамасының хоккейшісі Дамир Рыспаев тістерін еліміздің туы түстес етіп бояп алып шыққан.

dsc_00112

Фото: hcbarys.kz

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Норвегияда осы күндері 2018 жылғы қысқы олимпиада ойындарына хоккейден іріктеу турнирі өтіп жатыр. Қатарына даудың ортасында жүретін спортшы Дамир Рыспаевты да қосқан Қазақстан құрамасы норвегиялықтармен кездесіп, 4:3 есебімен жеңді.

Бірақ, жанкүйерлер үшін нағыз сенсация Рыспаевтың тістерін бояп алуы болды. Дамир Рыспаев соңғы рет ҚР президентінің кубогы үшін болған мачта қытайлық ойыншыны мұз айдынында қуып жүріп сабап, даудың ортасында қалған еді. Тафгай деген атаққа ие Дамир, әр матч сайын қарсыластардың бір спортшысын төпелеуді әдетке айналдырған.

Осы әрекетінен соң оны дереу жарыстардан шеттеткен болатын. Бірақ еліміздің хоккей лигасы егер Рыспаев қытайлықтардан кешірім сұраса, оның мұз айдынына қайта оралуына қарастыратын боламыз деген еді. Осы кеңесті қабыл алған спортшы, Қытай тарапынан кешірім сұрапты.

Талқылау