Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хоккейден Астананың «Барысы» «Медвешчак» командасын ірі есеппен ұтты

Бүгін Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында Астананың «Барысы» өз айдынында Загребтің «Медвешчак» командасын қабылдап, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» сапындағы Найджел Доус ойын барысында хет-трик жасап, ерекше көзге түсті. Сондай-ақ Вадим Краснослободцев қонақтар қақпасын екі мәрте дәл көздесе, Брэндон Боченски тағы бір доптың авторы атанды.

Осы ойыннан кейін 59 ұпай жинаған «Барыс» Шығыс конференциясында бұрынғыша тоғызыншы орында келеді. Плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік беретін сегіздікке ілігу үшін астаналықтарға әлі де қоржындағы ұпай санын көбейте түсу керек.

????????????????????????????????????

Андрей Назаровтың шәкірттері келесі ойынын 8 желтоқсан күні Хабаровскіде жергілікті «Амурмен» өткізеді. Содан кейін 10-11 желтоқсанда Владивостокта турнир кестесінде өзінің алдында тұрған команданың бірі «Адмиралмен» күш сынасады. Осы кездесулер «Барыс» үшін аса маңызды болмақ.

????????????????????????????????????

Талқылау