Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан Ресейден жеңіліп қалды

Хоккейден Қазақстан мен Ресей құрамалары бір матчта соғылған шайба саны жөнінен 2016 жылғы әлем чемпионатында рекорд орнатты, деп хабарлайды Sports.kz.

хоккей

Мәскеудің Мұз сарайында өткен ойында жанкүйерлер  он шайбаның қақпаны тулатқанын көрді.  Алты рет турнир қожайындары – Антон Белов (2), Роман Любимов (2), Сергей Мозякин және Евгений Дадонов, төрт рет қазақстандық хоккейшілер – Дастин Бойд, Роман Старченко, Евгений Рымарев, Максим Семёнов көзге түсті.

Өзінің келесі матчын Қазақстан командасы 10 мамырда өткізеді. Олардың қарсыласы норвегиялықтар болады.

Ойынның басталуы астана уақытымен 23. 15.

Талқылау