Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хоккей тарихында алғаш рет: АҚШ-та 20 жастағы қазақ жігіті команда капитаны болды

Азат Тұрсынханов АҚШ-та хоккейден команда капитаны болды. Ол Филодельфиядағы «Lehigh Valley» командасының капитаны.

Хоккей тарихында алғаш рет: АҚШ-та 20 жастағы қазақ жігіті команда капитаны болды

Азат Тұрсынханов 1998 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылдан 2015 жылға дейін астаналық хоккей құрамасында шабуылшы болды. 3 жыл бұрын, жас ойыншы шетелден бақытты іздей бастады. Анығында Канадаға аттанды, деп жазады СИА «SPORTINFORM».

Канадада Азат Торонтода GMHL лигасында ойнады, ал қазір қазақстандық спортшы Пенсильвания штаты Филадельфия қаласында EHL лигасына жататын Lehigh Valley командасының капитаны.

Хоккей тарихында алғаш рет: АҚШ-та 20 жастағы қазақ жігіті команда капитаны болды

Айтпақшы, Құрама Штаттағы Шығыс Лигасы жартылай мемлекеттік мәртебеге ие. Сондықтан ол шетелдік ойыншыларға шектеу қойылған. Екінің бірі жете алмады. Ал, Азат сол жақта ойнап, 20 жасында капитандыққа жетті.

“Бала күнімде хоккейге әкем қатыстырды. Мен қаннан қорқатын едім. Хоккейшілердің тартысып, бірін бірі ұрып, төбелесіп ойнайтынын теледидардан көріп, бұл спортты мүлде ұнатпадым. Қарсылығыма қарамастан мені хоккейге қатыстырды. Бірақ кейін үйреніп кеттім. Тіпті ұнап кетті. Филадельфияға да тек хоккей ойнау мақсатымен келдім. Бапкеріммен, ойыншылармен жақсын қатынастамын. 3 жыл жастар құрамында ойнадым. Тәжірибем болған соң мені капитан қылған шығар. Мұны өзім де күтпегем. Мен мұнда жастарға үлгі көрсетуім керек. Қазақстан атынан шығам. Көбісі Қазақстанды Пәкістан не Ауғанстан деп ойлайды. Бірақ Геннадий Головкинді біледі”, – дейді хоккейші.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау