Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО қызметкері Raffaello шоколадын алғаны үшін сөгіс естіді

ХҚКО басшылары тұтынушыдан алған қорап шоколады үшін қызметкеріне қатаң сөгіс жариялады. Қызметкер сыйлықты мемлекеттік мүлік ретінде өткізсе де, оған қатыс жаза қолданылды. Өйткені алған сыйлықты келушілер байқап қалған, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме беріп.

ХҚКО қызметкері Raffaello шоколадын алғаны үшін сөгіс естіді

«Әйел шоколадты белгіленген уақытта өткізді. Алайда оған ХҚКО басшылары қатаң түрде сөгіс жариялады, өйткені болған әрекетті келушілер байқаған», – дейді Назымбек Бекжанов, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментінің басшысы.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызметкерлер тарапынан өз еркімен 21 сыйлық өткізілген. Былтырғымен салыстырғанда бұл сан 7 есе көп. Сыйлықтардың арасында ішімдік, шылым, ваза, тәттілер, суреттер бар.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау