Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО-да көз жұмған азамат туралы пікір айтқан депутат Аманжан Жамаловқа тексеру жүргізіледі

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловқа қатысты Орталық сайлау комиссиясы тексеру жүргізеді. Тексеріс нәтижесі 24 қаңтарда белгілі болмақ.

45f99c51d49c61bd81b82202cc3da35a_XL

Фото: 24.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Депутаттың уақытша тіркеуге тұру үшін келіп қайтыс болған алматылық азамат туралы айтқан пікірі қоғамның жаппай наразылығын тудырған. Бірақ, халық қалаулысын тексеруге депутат Жамаловтың иелігіндегі бір серіктестік пен “Гауһар” атты ломбард себеп болып отыр екен.

Жамаловтың атындағы серіктестік ұзақ уақыт мемлекетке салық төлемеген екен. Ал депутаттың ломбарды салық төлеуді кешіктірмеген. Алайда еліміздегі заң нормасы бойынша депутат меншігінде ешқандай мүлік болмау керек.

Тіркеуге келіп қайтыс болған азаматқа қатысты пікірінен кейін ел назарына іліккен депутат артынша кешірім сұрады. Ол “осындай күйімен үйінде де қайтыс болуы мүмкін еді” деп айтқаны үшін, қоғамдық сынның астында қалған. Кейін айтыскер ақын депутатқа арнап өлең де шығарған еді.

Оқи отырыңыз:

Майлыбаевпен бірге ұсталған шенеунік бір ай бұрын ғана “Құрмет” орденін алған

Назарбаев Бишімбаев пен Ыдырысовты отставкаға жіберді

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы ұсталды

Депутаттар «Нұрлы жер» бағдарламасында бір қауіптің барын айтты

Талқылау