Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ХХІ ғасыр сәніне айналған көз бояу үлгісі қазақ қызының арқасында пайда болған

Нағыз қазақ қызы деген кезде көз алдымызға бұрымы беліне түскен, шолпысы сылдырлап, сыңғырлаған күмістей күлкісімен еліктіріп әкететін бөрікті бойжеткендер түседі. Олардың болмысына пәктік пен ақкөңіліділік тән екені сөзсіз. Тіпті жүрегі мен жанын таза ұстап қоймай, айран, қатық, сүт, май секілді өнімдермен сыртқы келбетіне күтім жасайтын болған. Мұны бәрі білсе де, осы күндері сәнге айналған көз бояу үлгісінің жартылай қаны қазақ Алла Ильчунның арқасында пайда болғанын көпшілік біле бермейді.

image_l

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алла Ильчунның тағдыры ертегідегі Күлше қыздыкі іспеттес. Бастапқыда асханада ыдыс жуып жүріп, артынша құрбысымен бірге бағын сынау мақсатында Диордың кастингіне барады. Аталған кастингте жолы болып қана қоймай, сәнгер музаларының біріне айналады. Осылайша сұлу бойжеткен 20 жыл бойы әйгілі подиумда жүріп, түрлі көрсетілімге қатысады.

4

Алла Ильчунның есімі құллақа жат естілсе де, жүзіне қарап қазақ қызы екенін аңғару қиын емес. 1950 жж көздің шетін сүрмелеп бояу үлгісі (подводка-стрелка) Алланың арқасында пайда болған екен. Яғни мұндай үлгіні визажистер қазақ қызының ботадай мөлдіреген көздерін айқындау үшін ойлап тапқан.

новый коллаж

255

Мансап жолының басында сәнбикенің белі корсетсіз 47 см болған. Арада 20 жыл өткен соң бел өлшемі 2 см-ге ғана ұлғаяды. Сымбатының құпиясын Алла “Мен ешнәрсе жемеймін. Тек ішемін. Аққайнар. Ол жерде барлық дәрумен бар!” деп жауап берген екен.

74091-b6622-73554787-u17e73

Естеріңізге сала кетсек, алдағы уақытта “Алматыкітап баспасының” басшысы Элеонора Баталованың қолдауымен Кристиан Диордың музасына айналған жерлесіміз туралы кітап шығуы мүмкін.

Талқылау